Қаңтардағы қақтығыс: Ұлттық экономика министрі шығынды өтеу ережесін бекітті
Қаңтардағы қақтығыс: Ұлттық экономика министрі шығынды өтеу ережесін бекітті
Фото: orda.kz

Қаңтарда жаппай тәртіпсіздік салдарынан дүние-мүлкі тоналып, шығынға батқан кәсіпкерлердің шығынын өтеу ережесі бекітілді.

Ұлттық экономика министрінің биыл қаңтардың басындағы тәртіпсіздіктер салдарынан зардап шеккен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мүлік шығынын өтеу қағидаларын белгілеген бұйрығы жарияланды. Ұлттық экономика министрінің №7 бұйрығымен, 2022 жылғы қаңтардағы жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктер нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік залалды өтеу қағидасы бекітілді.
«Қағида 2022 жылғы 18 және 24 қаңтарда жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктердің салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия бекіткен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген залалды өтеу механизміне негізделген» делінген хабарламада.
Шығынды есептеуде дүние-мүліктің болғанын растайтын қажетті құжаттардың жоқтығына байланысты қиындықтар бар. Сондықтан Үкімет кәсіпкерлердің қызметін қалпына келтіру үшін келтірілген залалды тез арада өтеу бойынша ауқымды жұмыс жүргізіп жатыр.

Бұған дейін кәсіпкерлерден өтініш қабылдау басталғанын хабарлаған болатынбыз.