Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Экономика

«Самұрық-Қазына» ел экономикасының дамуын тежеп отыр – Еділ Мамытбеков

"Айқын" ақпарат "Айқын" ақпарат
Қаңтар 27, 2022
Самұрық-Қазына
219
қаралым

Сенатор Еділ Мамытбеков «Самұрық-Қазына» қоры туралы заңды қайта қарау не тіпті оны ел экономикасының дамуын тежеуші ретінде жою қажет деп санайды.

Сенатор өзінің депутаттық сауалында 600-ге жуық ұйымды қамтитын квазимемлекеттік секторды, әсіресе «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын түбегейлі реформалау жөніндегі Президент алға қойған міндеттерді іске асырудың маңызын атап өтті.

– Соңғы уақытта «Самұрық-Қазына» қорына қатысты шағымдар аз емес. Бұған себептер де жеткілікті – Холдингтің құрамына көптеген қуатты институттар кіреді, олардан қайтарымын күткенімізге көп болды. Ал ол жоқ! Құр әңгіме, түсініксіз жоспарлар, жобалар, бағдарламалар ғана бар. Қордың басты кемшілігі – оның көп миллиардтық мемлекеттік қаражатты бөлудегі және жұмсаудағы схемаларының көмескілігі мен шатасуы, – деп атап өтті сенатор.

Сенатор сондай-ақ Үкімет алдына қорды жаңғырту жөніндегі қабылданатын үлгінің тиімділігіне қатысты бірқатар мәселелер қойды.

– Бәсекелестік ортаға қандай активтер беріледі? Ұлттық экономикалық қауіпсіздік мүдделері қалай ескерілетін болады? Барлығын бәсекелестік ортаға беру керек пе? Қорды жаңғыртудың қабылданатын үлгісінің тиімділігі қандай, мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын қысқарту мөлшері қандай? Бұл ретте біз стратегиялық маңызды объектілер мемлекеттің бақылауында қалуы тиіс және жекешелендіруге жатпауы керек деп есептейміз, – деп атап өтті Еділ Мамытбеков.

Сенатор сондай-ақ үкіметтің жоғарыда аталған проблемалар мен міндеттер бойынша өзінің мемлекеттік ұстанымын қабылдап, әзірлеуі тиіс екенін жеткізді.

Тегтер: Еділ МамытбековСамұрық-ҚазынаСенатор

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда дәрілік заттардың 90%-ына шекті бағалар былтырғы деңгейде сақталды - министрлік

Павлодарда белгісіз заттан бес адам уланып қайтыс болды

Әлемнің 33 елінде балаларға жедел жұғатын белгісіз гепатит анықталды

Мадридтік «Реал» 14-рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды

Қазақстандық жеңіл атлет АҚШ-тағы турнирде қола жүлдеге ие болды

Оралда қантқа таласқан адамдардың видеосы тарады

Алматы мен 10 облыста дауылды ескерту жарияланды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»