Алматыда кенеттен төрт дөңгелегі шығып кеткен жүк көлігі аударылды – видео  
Алматыда кенеттен төрт дөңгелегі шығып кеткен жүк көлігі аударылды – видео  
Фото: instagram.com
172
оқылды

Алматыда жүк көлігі жолдың қақ ортасында аударылды. Полицияның мәліметінше, оқыс оқиға кеше түс мезгілінде әл-Фараби даңғылында болды.

«Қазақфильм» киностудиясы маңында шығысқа қарай бара жатқан көліктің 4 дөңгелегі шығып кетіп, кенеттен көлік аударылған. Апаттан жүк көлігінің жүргізушісі зардап шекті.
«Жүк көлігінің жүргізушісі дөңгелексіз қалған көлікті басқара алмай, оң жағына қарай құлады. Зардап шеккен жүргізушіге дәрігерлер көмек көрсетті. Оқиғаның мән-жайын Бостандық ауданының полицейлері тексереді», – деді департамент өкілі.
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Специально для КрисПи | Алматы (@kris_p_almata)

Бұған дейін жер жарылып, түсіп кеткен көлік туралы жазған болатынбыз.