Тоғыз ай ормандағы ағашты кесуге рұқсат берген бес директор сотталды
Тоғыз ай ормандағы ағашты кесуге рұқсат берген бес директор сотталды
Фото: successcolors.com

Ормандағы ағашты кесіп, талан-таражға салған мекеме басшылары сотталды.

Шығыс Қазақстанда «Өскемен орман шаруашылығы» мемлекеттік мекемесінің директоры мен оған қарасты Тархан, Бобровка, Таулы Үлбі, Серебрянск шаруашылығының жетекшілері лауазымын асыра пайдаланған, – деп жазады 24.kz. Басшылар қолынан келген кезде қонышынан басқан.
«Өскемен орман шаруашылығының» басшысы 2020 жылдың мамырынан бастап 9 ай бойы екі кәсіпкерге іске жарамды орман ағаштарын кесуге рұқсат берген. Мемлекетке 65 миллион 700 мың теңгеден астам шығын келді.
Кінәлілер анықталды. Екі басшы 3 жылға, қалғаны 2,5 және 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Өскемен қалалық №2 сотының судьясы Қаламқас Салбанова: «Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды. Екі жеке кәсіпкерге үш жылға ағаш дайындау саласында жеке кәсіпкерлікпен айналысу құқығын айыра отырып, 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды», – деді.

Бұған дейін қалайы үшін қалың орман құрбан болғанын жазған болатынбыз.