Алматы полициясы метро мен сауда орталығында пранк үшін видео түсірген құқық бұзушыны іздестіруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Желіде жарияланған бірінші видеода ер адам телефон арқылы біреумен айқайлап сөйлесіп, мәселе шешіп жатады. Ал екіншісінде оның қаладағы сауда және ойын-сауық орталықтарының біріндегі эскалаторға шығып алғанын көруге болады."Құқық бұзушыны анықтау үшін тиісті тексеру жұмыстарын бастадық. Мән-жайды анықтау Бостандық аудандық полиция басқармасы қызметкерлеріне жүктелді. Қабылданған шаралардың нәтижелері қосымша жарияланатын болады", - деп жазды қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов Instagram парақшасында.