Мәжіліс ратификациялық заң жобасын мақұлдады
Мәжіліс ратификациялық заң жобасын мақұлдады
152
оқылды
Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутаттар Үкіметке сауалдар жолдап, құпия ақпаратты қорғауға қатысты заң жобасын мақұл­дады. Мәжіліс депутаттары ратификациялаған құ­жат Еуразиялық экономикалық одақ жұмы­сына байланысты болып тұр. Заң жобасының «2014-ші жылғы 12-ші қарашадағы Еуразиялық эко­номика­лық комиссияның бәсекелестіктің бірың­­ғай қағидаларының сақталуын бақылау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыруы кезінде құпия ақпаратты қорғау тәртібі және оны жария еткені үшін жауаптылық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» дейтін атауы бар. Бұл құжат Еуразиялық экономикалық ко­мис­сияның бәсекелестіктің бірыңғай қағида­ларының сақталуын бақылау жөніндегі өкілет­тіктерді жүзеге асыруы кезінде құпия ақпаратты қор­ғау тәртібі және оны жария еткені үшін жауап­тылық туралы келісімді 2014 жылғы 29 ма­­­мырдағы Еуразиялық экономикалық одақ ту­­ралы шарттың ережелеріне сәйкес келтіруге ба­ғытталған. Тақырып бойынша баяндама жасаған Бә­секелестікті қорғау және дамыту агенттігінің тө­­ра­ғасы Серік Жұманғарин атап өткендей, жал­пы ЕАЭО-ның тұрақты жұмыс істейтін реттеуші органы ретінде Еуразиялық экономикалық комиссия құрылған 10 жылға жуық уақыттан бері мүше мемлекеттер үшін монополияға қарсы заңнаманы жетілдіру бөлігінде бірыңғай сая­сат­тың жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдайлар қам­тамасыз етілген. Комиссия трансшекаралық нарықтардағы бә­­секе­лестіктің жалпы қағидаларының сақта­луын бақылау жөніндегі өз өкілеттіктерін іске асыру шеңберінде (өтініштерді қарау, тергеп-тексерулер жүргізу және істерді қарау) қажетті ақпаратты, оның ішінде мемлекеттік билік органдарынан, заңды және жеке тұлғалардан құ­пия ақпаратты сұратады және алады. Аталған келісім құпия ақпаратпен жұмыс істеу тәртібін реттейді және комиссия қызмет­керлерінің құпия ақпаратты алған кезде оны жария еткені үшін жауапкершілігін регламенттейді. Бұл келісімге Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғыз Республикасы және Армения елдері қол қойған.