Жастар мәселелері қозғалды
Жастар мәселелері қозғалды
Облыстық қоғамдық кеңес тө­рал­қасының мүшелері өзінің оты­ры­сын Павлодар облысы жастарының мәселелеріне арнады. Бұл отырысқа «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Терен­чен­ко қатысты. Қазақстан бойынша қаңтар айын­дағы наразылық шерулеріне, тонау­шы­лық­қа қатысқан едәуір бөлігі жастар еке­ні жасырын емес. Бұл жас азамат­тар­дың тәрбиелік тәліміне, әлеуметтік мә­селелеріне бұрынғыға қарағанда ана­­ғұрл­ым көбірек көңіл бөлу керек­ті­гін көрсетеді. Қоғамдық кеңес мүшелері отырыста жас­тарды отансүйгіштікке және еңбек­ке тәрбиелеу, оларды баспанамен және лайық­ты еңбекпен қамтамасыз ету, бос уа­қытын қызықты да салауатты өткізу, әлеу­меттік қорғау және т.б. аспектілерді өт­кір де эмоционалды түрде талқылады. Отырыс қорытындысы бойынша мем­лекеттік органдарға ұсыныстар беріл­ді, жастарды қолдау және спортты да­мыту жөніндегі комиссия құру тура­лы шешім қабылданды.