Әлемде 102-орындамыз
Әлемде 102-орындамыз
174
оқылды
Transparency International халықаралық жемқорлыққа қарсы қозғалысы 2021 жылға арналған «Жемқорлықты түйсіну индексі» бойынша зерттеу жүргізді. Бұл рейтингте Қазақстан 100-ден 37 ұпай жинап, 180 елдің ішінде 102-орынға тұрақтады. Гамбия мен Шри-Ланка да осынша ұпай иеленді. Еліміз бұдан бір жыл бұрын, Қазақстан 100-ден 38 ұпай жинап, 94-орынды еншілеген болатын. Жемқорлықты түйсіну индексі (ЖТИ) – түрлі елдегі мемлекеттік сектордағы жемқорлық деңгейін өлшейтін жиынтық индекс. Ол 1995 жылдан бастап жыл сайын шығарылып келеді және жариялы секторда 20 жылдан астам уақыт бойы жемқорлықты бағалау үшін кеңінен қолданылып келеді. Transparency International Жемқорлықты түй­сіну индексін бүкіл әлем бойынша тәуелсіз ұйым­дар жолдаған сараптама негізінде құрастырады. ЖТИ-2021 бойынша 180 мемлекет 13 сарап­тамалық бағалау мен сауалнама негізінде жүйе­ленді. Әр мемлекет 0-ден 100 ұпай бойынша бағаланды, мұнда 0 – жемқорлықты түйсінудің ең жоғарғы шегін, ал 100 ең төменгі шегін білдіреді.