Жұптық сайыста Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге Australian Open–2022 турнирінің финалына шықты. 2 сағат 18 минутқа созылған жартылай финалдық кездесуде Данилина мен Майя үш сетте екінші орын алған Жапониядан келген Сюко Аояма мен Ену Шибахарадан басым түсті. Есеп – 6:4, 5:7, 6:4. Финалда Анна Данилина мен Беатрис Аддад Майя чехиялық Б.Крейчекова/К.Синиакова жұбымен кездеседі. Финалдық матч 30 қаңтарға жоспарланған.
А.ЖАСАНҰЛЫ