Арменияда жолдастық кездесу өткізеді

Арменияда жолдастық кездесу өткізеді

Қазақстан Жастар командасы (U-19) Арменияда жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. 19 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы Нұр-Сұлтанда оқу-жаттығу жиынын өткізгеннен кейін 8 ақпанда Арменияға аттанады. Онда олар осы елдің құрамасымен 2 матч ойнайды. Айта кетейік, биылдан бастап еліміздің жастар құрамасын Вахид Масудов жаттықтырады. Бұған дейін ол «Ақтөбе» клубының бас бапкері қызметін атқарған. Өткен жылы U-19 құрамасын Александр Кузнецов жаттықтырған болатын.

А.ЖАСАНҰЛЫ