28 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

28 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, ауа райы құбылмалы болады.

Күндіз оңтүстіктің таулы аудандарында қар жауады. Жел күшейіп, бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Тек қана еліміздің орталығы мен шығысында антициклон ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында – көктайғақ, солтүстігінде – тұман, батысында және шығысында – желдің күші 15-20 м/с жетеді. Түнде Түркістан облысының оңтүстігінде батысында, таулы аудандарында тұман түседі. Таңертең және күндіз өңірдің батысында, солтүстігінде, таулы аудандарда жел екпіні 23 м/с болады. Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, орталықта жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді. Күннің екінші жартысында көктайғақ болады, бұрқасын соғады. Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі, солтүстік-шығысында күндіз жел екпіні 23 м/с жетеді. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарда көктайғақ болады. Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде желдің жылдамдығы - 15-20 м/с. Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы, Ақмола облысында тұман түседі.