Кака Италиямен ойын алдында мәлімдеме жасады
Кака Италиямен ойын алдында мәлімдеме жасады
160
оқылды

Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Кака Италиямен өтетін матч алдында қарсыласы жайлы пікір білдірді.

«Италия құрамасы тәуекелге баратын болады. Еуродағы екі ойында да соңына қарай қақпашының орнына паркетке бесінші ойыншыны шығарып отырды. Демек италиялықтарды тең есеп қанағаттандырмаған. Топтық кезеңдегі үшінші кездесуде олар бізге қарсы барын салары анық. Сол үшін біз бәріне дайын болуымыз керек», – деді Кака УЕФА-ның ресми сайтына берген сұхбатында.
Еске салайық, бүгін Нидерландыда өтіп жатқан Еуропа чемпионатының топтық кезеңінде Қазақстан мен Италия құрамалары кездеседі. Әзірге екі турдың нәтижесі бойынша В тобында Қазақстан 4, Италия 2, Словения 2, Финляндия 1 ұпай жинады.