Алдағы 3 күнде ауа райы қандай болады?

Алдағы 3 күнде ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" РМК 29-31 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

"Атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты, республиканың барлық аймақтарында ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі. Еліміздің басым бөлігінде қар жауады, оңтүстікте және батыста жаңбыр мен қар болжанады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, боран соғады, жел күшейеді. Ауаның температуралық фоны түнде батыста 0-8 аязға дейін, солтүстікте, шығыста және орталықта 7-20 аязға дейін, ал республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында түнде 2-15 аязға дейін төмендейді", – делінген хабарламада.