Nur Otan басшылығы мұнайлы өңірде
Nur Otan басшылығы мұнайлы өңірде
183
оқылды
Nur Otan партиясы төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Елбасының тапсырмасы бойынша жұмыс са­парымен Атырау облысына барды. Аймаққа жасалған бұл сапардың не­гізгі мақ­саты – өңірдің жай-күйімен танысу, қарапайым тұрғындармен кез­десу арқылы жергілікті тұрғындарды толған­дырып жүрген нақты мәсе­ле­лерді анық­тап, оларды шешуге атсалысу және жұртшылықты партияның алдағы жоспар­лары­мен кеңінен таныстыру. Партия төрағасының Бірінші орынбасары өңірге сапарын Аты­­­рау облысының әкімі Ма­хам­бет До­с­мұхамбетовпен бірге Ма­қат ауданына қарасты Доссор кен­­­­тінен бастап, осындағы «Бір­лік» ықшамауданының тұр­­­ғындарымен кездесті. Қара­пайым адамдармен емен-жар­қын сұхбаттасып, биылғы бірін­ші жартыжылдықта партия өкіл­дерінің еліміздің барлық өңір­леріне барып, Елбасы, партия Тө­рағасы Н.Назарбаевтың бағ­­­дарламалық мемлекеттік және пар­тиялық құжаттарда берілген тап­сырмаларының орындалуын қа­дағалайтынына, жергілікті жерлердегі өзекті проблемаларды зер­делеу арқылы халықтың нақ­ты сұраныстарын ескере оты­рып, аумақтық бағдарламалар әзір­ле­не­тініне тоқталды. Өткен жылдың соңында жер­гі­лікті БАҚ-та осы елді мекенде өзек­ті болып отырған теміржол ар­қылы өтетін жаяу жүргіншілер кө­пірін салу жайында мәселе кө­терілген еді. Осы жайтты тілге тиек еткен Бауыржан Байбек кез­­десуге жиналған қауымға пар­тия­ның бұл мәселеден хабардар еке­нін және оны уақытылы ше­шу шараларын қарастырып жат­қанын жеткізді. – Кент халқының көпшілігі бір жақта тұрады, ал теміржолдың арғы жағында екі мектеп, бір ба­­­лабақша орналасқан. Сон­дық­тан қауіпсіздік үшін теміржол ар­қылы жаяу жүргіншілер көпірі ке­рек деген ұсыныс орынды. Біз осында облыс әкімімен, мем­лекеттік органдардың об­лыс­тық басшыларымен бірге осы проблеманы шешу жолын тал­қы­лау үшін келіп отырмыз, – деді Бауыржан Байбек. Қазіргі уақытта облыстық жә­не жергілікті билік өкілдері ал­дын ала есептер жүргізіп, кө­пір құрылысы үшін жобалау сме­талық құжаттарды әзірлеуге қа­ражат бөлу жоспарланған. Оның құрылысын 2021 жылдың екінші жартыжылдығында аяқ­тау көзделуде. Бауыржан Бай­бек жергілікті мемлекеттік ор­­гандардың осы нысанның құры­лысын жылдамдатуын жә­не тұрғындар көтерген басқа да мәселелерді партияның облыс­тық филиалына бақылауға алуды тапсырды. Кездесу барысында тұрғындар бұ­дан бөлек көше жарығы, жол са­пасы секілді бірқатар мәселені кө­терді. Өз кезегінде Б.Байбек бұ­лардың барлығы да назарға алы­нып, тиісінше шешімін таба­тынын айтты. Бұдан кейін партия тө­ра­ға­сы­ның Бірінші орынба­са­ры саяси ұйымның «Доссормұнайгаз» бастауыш ұйымы мүшелерімен кез­десіп, өз азаматтарымыздың мүд­­десін қорғау, олардың әлеу­­­­­­­меттік жағдайына көңіл бөлу, шетелдік жұмыс күшін тар­­­туды шектеу мәселелеріне кеңі­нен тоқталды. Бұл ретте ел Президентінің Ұлттық қо­ғам­дық сенім кеңесінің екінші оты­рысында осы мәселе бойын­ша берген тапсырмасының са­па­лы орындалуына баса мән бер­ді. Сонымен бірге Б.Байбек пар­тияның өңірлердегі бастауыш ұйым­дарының жұмысын кү­шей­ту, олардың атқаруы тиіс мін­дет­те­рін тарата айтып берді. – Партияның бастауыш ұйым­­дары нақты мәселелерге қа­тысуы ке­рек. Қаладағы тұр­ғын үй-коммуналдық шаруа­шы­­лығы мәселесі сияқты нақты бір мәселе шешілсе құба-құп. Пар­­тия мүшелері әкімдерден осы­­ларды талап ете алады. Біз қа­­зір бесжылдық бағдарламаны тал­­қылаймыз. Содан кейін ішкі пар­­тиялық іріктеуді жасағалы отыр­­мыз. Елбасы, Nur Otan партия­сы­ның Төрағасы өңірдегі пар­тия­ластарды жинаған кезде «әр­бір мәслихатта 30 пайыз әйел­дер жә­не кемінде 20 пайыз жас­тар болуы керек», – деді. Сай­лау­­ш­ыларымыздың 52 пайызы әйелдер екен. Бізде маңызды жұ­мысты да әйел адамдар атқа­ра­­ды. Балабақша, бастауыш мек­тептің бәрінде әйелдер жұмыс істейді. Олар қоғамдық өмірде бел­сен­ді­лік танытып жатса, міндетті түр­де жағдай жасалуы керек, – деді пар­тия төрағасының Бірінші орын­­басары. Сонымен қатар Б.Байбек осы бастауыш ұйым жанындағы қо­ғамдық қабылдауда азаматтарды қа­былдап, кент тұрғындарының өті­ніштерін, көтерген мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады. Қо­ғам­д­ық қабылдауда болған осы ау­данның тұрғыны, зейнеткер Сә­бит Халенов аурухананың жылу жүйесіне жөндеу жүргізуді жә­не аудан тұрғындарына қосым­ша жедел медициналық көмек көлігін бөлу мәселесін көтерді.  width= Партияның жергілікті фи­лиа­лының төрағасы мен ау­дан әкімі зейнеткердің өтініші орын­дала­тынын, биыл аурухананың жылу жүйесіне жөндеу жүргізілетінін айтты. Ал аудан тұрғындарын қо­сымша жедел медициналық кө­мек бригасымен қамтамасыз ету мәселесі бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бір­ге оны орындаудың нақты мер­зімі белгіленді. Бұл мәселені Nur Otan партиясының мәсли­хат­тағы фракциясының депутаттары тұ­рақты бақылауға алатын болды. Nur Otan-ның басшылық құ­­ра­мының мұнайлы өңірге жа­­саған сапары ары қарай Жы­­­­лыой ауданына ұласты. Мұн­­да Аумақтарды дамыту бағ­дар­ламалары мен партияның сай­­лауалды бағдарламаларын әзі­р­леу жайы сөз болды. Кездесу­де сөз алған Бауыржан Байбек де­путаттық фракцияның жұмы­сын күшейту, сайлауалды бағдар­ла­маны әзірлеуде жаңа тәсілдерге жү­гіну жайын қозғады. Әсіресе, бұл маңызды құжатты дайындауға және оны жан-жақты талқылауға партияластардың барынша бел­сенділік танытқандары жөн еке­нін жеткізді. Іссапардың бірінші күнін Бауыр­жан Байбек партияның Жы­лыой аудандық филиалының пар­тиялық кадрлық резервіне қа­тысушылармен кездесу ар­қы­­лы түйіндеді. Басқосуда пар­тия төрағасының Бірінші орын­басары партиялық жауап­кер­шілікті күшейту қажетіне тоқ­талып, Елбасы ұсынған пар­тия­ны жандандыру бағдар­ла­ма­сының екінші кезеңіне аяқ бас­қанымызды атап өтті. Бұл рет­те саяси ұйымды одан ары са­палық тұрғыдан нығайта түсу үшін «жігерлі лидерлер – қуатты пар­тия» тұжырымдамасын берік ұстану­ды ұсынды. Осы мақсатта үш мәселеге на­­зар аударуды атап өтті. Бірін­ші­ден, ел ішіндегі білімі мен бі­лі­гі мол, сөзі өтімді, іскер де беделді жан­­­­­дарды партия маңына тар­тып, оларға өз ойлары мен идея­­­ларын, қарым-қабілетін іс­ке асыруға мүмкіндік беру маңыз­ды. Екіншіден, әрбір өңір­дің ерекшелігі мен нақты мә­се­лелерін есепке ала отырып, ар­найы бағдарламалар жасау, со­дан кейін осыны халыққа жа­тық та жеңіл тілмен түсіндіру жұ­мыстарын жүргізу қажетіне тоқ­талды. Осындай озық саяси тех­нологиялардың бірі ретінде прай­меризді атады. – Біз әрбір өңірде праймериз өт­кіземіз. Қазір пилоттық жоба өт­ті. Қа­зақстан бойынша 920 мың адам­ды ұйымдастырып, ха­­­­­лықты біріктіруіміз қажет.  Біздің мақ­­­сатымыз – билікке кез келген са­лада дарынды, адал, білімді аза­маттарды тарту. Бұған ішкі пар­тиялық іріктеу мүмкіндік бер­мек, – деді Б.Байбек. Nur Otan партиясы төраға­сы­ның Бірінші орынбасары Бауыр­жан Байбектің еліміздің мұ­­­­найлы астанасына жасаған жұ­мыс сапарының екінші күні Аты­рау қаласында жалғасты. Ол пар­тияның облыстық филиалы мен бастауыш ұйымдары өкіл­­­­­де­рімен, өңірдің зиялы тұлға­ла­­­­рымен, қоғамдық пікір көш­бас­­шыларымен және жастар ұйым­­дарының өкілдерімен кез­десті. Бұл күнгі алғашқы кездесу сая­си ұйымның Атырау облыстық ауруханасындағы «Ынтымақ» бастауыш ұйымы мүшелерімен өтті. Дәрігерлер қауымымен ер­кін пікір алысуға жол ашқан пар­тия төрағасының Бірінші орын­басары өз сөзінде партия мү­шелерінің елеулі бөлігін әлеу­­­меттік сала қызметкерлері құ­райтынын атап өтті. Ол қа­ра­пайым дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің әлеуметтік жағ­дайын жақсарту, дәрігерлердің ең­бегін орынды бағалау жайына ег­жей-тегжейлі тоқталды. – «Балтырың сыздаса, дәрі­гер­ге, білім алғың келсе, ұстазға ба­расың. «Бір құмалақ бір қарын май­ды шірітеді» деген, білімі төмен ма­мандардың кесірінен бәріне топырақ шашуға болмайды», – деді Бауыржан Байбек. Аттанға айқай қоспай, осы ма­мандық иелерін қорғау – пар­тия мін­деттерінің бірі деп тұжы­рым­да­ды. Сонымен қатар мемлекетіміз тарапынан медицина саласында атқарылып жатқан ауқымды іс­тер мен көрсетіліп отырған қо­­­­­мақты қолдау да тілге тиек етіл­­ді. Оның айтуынша, Елбасы, Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның ХVIII съезінде алғашқы медици­на­лық-санитарлық көмекті да­­мы­туға қосымша 120 млрд тең­­ге бөлуді тапсырған. Өткен жы­­лы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қа­зақстан халқына алғашқы Жол­­дауында үшжылдық бюд­жет аясында денсаулық сала­сы­­­ның дамуына қосымша 2,3 трлн теңге қаржы бөлінетінін айт­­ты. Соның нәтижесінде, 2019 жылы денсаулық сақтау қыз­меткерлерінің еңбекақысы іші­на­ра 30%-ға көтерілді. Атырау облысы бойынша 8 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өскен. Ал 2020 жылдың қаңтарынан бастап дәрігерлердің жалақылары орта есеппен 30%-ға өсті. Кездесуде дәрігерлер де то­сыл­май, өз ұсыныстары мен ой­­ларын ортаға салды. Солардың қа­тарында жас дәрігерлерді тұр­ғын үймен қамтамасыз ету, дә­рі­герлерге педагогтер секілді ерек­ше мәртебе беруді қарастыру жайы сөз болды. Бауыржан Бай­бек бұл ретте мемлекет қолдауынан бө­лек, әрбір азамат өз мүмкіндігін де шамалап, өзінше әрекет етуі қа­­жет екенін алға тартты. – «Жас Отау» бағдарламасы бойын­ша өткен жылы жас­тар­ға 310 пәтер берілді. Ол – облыс­тық деңгейдегі бағдарлама. Та­­­­лантты жастар әр сала бойын­ша іріктеледі. Жалпы Қа­зақ­стан бойынша екі жыл ішін­де жиырма бес мың мұқ­­­таж аза­мат пәтер алды. Бұл ретте жас­тарға басымдық беріледі. Ең бастысы – табыстың өсуі. Та­­быс болса, әртүрлі құралдар бар. Соған қаражаты жететіндей жағ­­дай жасалуда, – деді пар­тия Тө­ра­ғасының бірінші орын­басары.  width= Бауыржан Байбек өңірдің зия­лыларына да арнайы ат ба­сын бұрды. Елдің сөзұстар тұл­ға­ла­ры­мен болған кездесуді Атырау об­лысының әкімі Махамбет Дос­­мұхамбетов ашып, жүргізіп отырды. Келелі басқосуда өңір ру­­ханиятына, мәдениетіне, дін мен тілге қатысты өзекті мә­­­се­­­­лелер қозғалып, жан-жақ­ты та­л­­­­қыланды. Бауыржан Бай­бек партияның мақсаты мен мін­­деттеріне, мәдениетті, ұлт­тық құн­дылықтарды дәріптеу ба­ғы­тында қолға алған шаралары­на кеңі­нен тоқталды. Өз кезегінде өңірдің зиялы­лары партия төрағасының Бірінші орынбасарына толғандырып жүр­­ген сауалдарын қойып, өз ой­­­­­ларын бүкпесіз ортаға салды. Бауыржан Байбек әрбір сұраққа ег­­жей-тегжейлі жауап беріп, кей­­біреуінің шешімін сол сәтте ұсы­нып отырды. Басқосуда Жазушылар ода­ғы­­ның Атырау облыстық фи­лиа­­­лының төрағасы Қ.Жыл­қы­­­­­шиев мәдениет саласы бо­йын­­­­ша мемлекеттік қызметке ор­­­наласатын жандардың маман­ды­­ғы мәдениет саласынан болу ке­рек деген талапты тиісті ере­жеге енгізу, ауылдық клубтар жұ­­­­­­­мысын жандандыру мәселесін кө­­­­терсе, мұнай саласының ар­да­­­­гері Мақсым Ізбасов жер­гі­­лік­ті мұнайшылардың жа­ла­­­­­қысын шетелдіктермен теңес­­­­тіру, өңірдегі экология мә­се­­лесін оңалту, Жайық өзені дең­­гейінің жылдан-жылға азаюы мәселесін ортаға салды. Ал Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті ғылыми кеңесінің хатшысы, партия ардагері Б.Тыныбаева Атырау облысындағы апатты және үшауысымды мектептер, балабақшаның жетіспеушілігі мәселелерін тілге тиек етті. Өңір зиялыларының пікір­ле­рін ден қоя тыңдаған Бауыржан Бай­­бек мәдениетке қатысты кө­­терілген мәселелердің пар­тия жанындағы «Мирас» кеңе­сін­де қаралатынын, отандық мұнайшылар жалақысындағы теңсіздіктерге байланысты ел Пре­зиденті Қасым-Жомарт То­қаевтың шетелдік жұмыс беру­шілер тарапынан біздің аза­маттарымызды кемсітуге жол бер­м­еу туралы мәселе көтергенін, сол сияқты қоршаған ортаны сақ­тауда Мемлекет басшысының ши­кізат энергия секторының жұ­мысында экологияға зиянын ти­гізбеу керегін тапсырғанын айтты. – Экология мәселесі бірін­ші рет көтеріліп отырған жоқ. Бұл аталған мәселенің халық­ты ерекше толғандырып отыр­ға­нын көрсетеді. Өйткені эко­ло­гия бәріне қатысты. Бәріміз де бір ауаны жұтамыз. Бұл мә­селе аймақтың алдағы даму бағ­дарламасына міндетті түрде ен­гізілуі керек, – деп атап көрсетті Бауыржан Байбек. Білім мен ұрпақ тәрбиесі пар­тия­ның ерекше назар аударатын са­ласы екеніне тоқталған партия төрағасының Бірінші орынбасары об­лыстағы үшауысымды және апат­тық мектептерді жою үшін бес жылға арналған іс-шаралар жос­пары әзірленгенін, айтылған екі ұсыныс та жақын арадағы бес­жылдықта өз шешімін та­ба­тынын жеткізді. Өңірдің қоғамдық пі­кір көш­басшыларымен, бло­гер­лер­мен және БАҚ өкілдерімен кез­десуде Бауыржан Байбек қа­зіргі таңда жаңа сын-қа­тер­лерді ескере оты­­рып, коммуни­кациялардың за­­ма­науи техно­ло­гияларын пай­­да­­лану арқылы ха­лықпен диа­лог ор­натудың маңызына, пар­­тия тарапынан алғаш қолға алын­ға­лы отырған прайме­риз өт­кізу тәртібіне тоқталды. Азаматтық қоғам өкілдері де сөз алып, өңірде өзекті болып отыр­ған бірқатар мәселені тілге тиек етті. Бауыржан Байбек осын­­­­да көтерілген мәселелер мен ұсыныстар бойынша тың­­­­ғы­­­лық­ты жауап берді. Оның ай­туын­ша, «Еңбек» мемле­кет­­­­тік бағдарламасында ең­бек ресурстарының білікті­лі­гін арт­тыру, жаппай кә­сіп­кер­лікті дамыту мәселелері қарас­тырылған. Сапар кестесінің тығызды­ғы­на қарамастан, Nur Otan пар­тия­сы төрағасының Бірінші орын­басары Атырау жастарымен де кез­десуге уақыт тапты. – Қазіргі кезде «Жастар – Отан­ға» бағдарламасын әзірлеу қа­растырылуда. Біз мұны әр ау­­­дан­да талқылап, ұсыныстар жи­­­­­нақтап жатырмыз. Ол жастар үшін өзекті төрт мәселені қарас­ты­­рады. Бірінші – сапалы бі­лім. Сапалы білімсіз ештеңе бол­­­­­майды. Екінші – жұмыс. Бі­­­­­­лімді болған соң, уақытша емес, тұрақты, сапалы жұмыс болу керек. Үшінші – баспана. Баспана мәселесін шешуге біз ық­­пал етеміз. Төртінші – жас­тар­дың бос уақыты. Міне, осы бағдарламаны әзірлеуге бел­сен­ді атсалысыңыздар, – деді Бауыр­жан Байбек. Атырау өңіріне жасалған екі күндік сапардың соңына қарай Nur Otan партиясы төрағасының Бі­рінші орынбасары Бауыржан Байбектің қатысуымен Атырау об­лыстық филиалының кезек­тен тыс конференциясы өтті. Конференцияда партия лидері Нұр­сұлтан Назарбаевтың келі­сімі­мен Nur Otan партиясының Аты­рау облыстық филиалына осы облыстың жуырда тағайын­дал­ған жаңа әкімі Махамбет Дос­мұхамбетов төраға болып сай­ланды. Өңірге жасаған екі күндік са­парында Бауыржан Байбек еліміздің мұнайлы өңірін аралап, шалғай аудандарға дейін барып, қарапайым тұрғындармен ті­ке­лей кездесу арқылы аймақ хал­­­қының тұрмыс-тіршілігімен кеңінен танысты. Жұртшылықты тол­ғандырып жүрген мәселелерді анық­тады. Жергілікті атқарушы ор­гандармен бірге олардың ше­шімін қарастырды. Елбасы, Nur Otan партиясының Төрағасы Нұр­сұлтан Назарбаевтың баста­ма­сымен қолға алынған саяси ұйымның өңірлерге сапары ары қарай жалғасып, әрбір аймаққа тән мәселелер мен ерекшеліктер есеп­ке алынып, аумақтық бағ­дар­ламаларда көрініс таппақ.   Ерке ЕРҚОҢЫР