Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXI съезінде партияны алда қандай өзгерістер күтіп тұрғанын айтты.
«Мен елді жан-жақты жаңғырту бойынша ауқымды күн тәртібін ұсындым. «Nur Otan» оны іске асыруға белсене араласып, Қазақстанның прогрессивті өзгерістері мен жаңаруының нағыз қозғаушы күші болуға тиіс», – деді Мемлекет басшысы.Оның айтуынша, «Жаңа Қазақстан» жағдайында Nur Otan да жаңаруы керек.
«Бірақ бұл үшін «Nur Otan» өзі жаңаруы тиіс. Бұл косметикалық өзгерістерді емес, партияның бүкіл жұмысын түбегейлі қайта құруды қажет етеді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірауыздан «Nur Otan» партиясының төрағасы болып сайланғанын хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ партияның ұйымдастырушылық құрылымын өзгертуді ұсынды.