Қазақстанның бұрынғы Премьер-министрі Асқар Мамин өзі төраға болып отырған «Qazaq Geography» республикалық қоғамдық бірлестігінде жұмысын жалғастырып жатыр, - деп хабарлады orda.kz. Роза есімді хатшысының айтуынша, кеңсеге күнде келгенімен, ол жарты күн жұмыс істейді. Алайда тілші мен оның көмекшісі телефон арқылы сөйлескен кезде Мамин кабинетінде болмай шықты. Оның кеңсе меңгерушісі толығырақ ақпарат беру үшін редакцияның байланыс мәліметтерін PR қызметіне беруге уәде берді. Бұған дейін бұрынғы Премьер-министр Асқар Маминнің ұсталғаны туралы қауесетті кеңесшісі жоққа шығарғанын жазған болатынбыз.