Алматыда Ashyq жобасына қатысатын нысандар үшін жұмыс уақыты бойынша шектеулер алынып тасталады. Бұл туралы Алматының бас мемлекеттік санитария дәрігері қол қойған жаңа қаулыда жазылған.
Жаңа қаулыға сәйкес, Алматыда «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін жұмыс және демалыс күндеріндегі жұмыс уақыты белгіленбейді.
- Ashyq жобасына қатысатын нысандар үшін жұмыс және демалыс күндеріндегі жұмыс режиміне уақыттық шектеулер белгіленбейді.
- Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес өңірлердегі тұтынушыларда бейтарап ("көк") немесе қауіпсіз ("жасыл") мәртебесі болған жағдайда Ashyq жобасына қатысатын нысандар үшін:
- "жасыл" аймақта (эпидемиологиялық қаупі төмен) — шектеусіз қызмет;
- "сары" (орташа эпидемиологиялық қауіп) және "қызыл" (жоғары эпидемиологиялық қауіп) аймақтарда – нысанның адам қабылдау көлеміне сәйкес шектеулер бойынша;
- қызметкерлер мен тұтынушыларда қауіпсіз ("жасыл") мәртебесі болған жағдайда Ashyq жобасына қатысатын нысандар үшін — шектеусіз қызмет. Құжат қол қойылған күннен бастап өз күшіне енеді. Құжаттың толық мәтінімен мына арадан таныса аласыздар.