Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Жаңалықтар

Хайуанаттар бағында жас келіншек баласын аюдың қасына тастап жіберді

 Ташкент хайуанаттар бағында сағат 12 шамасында жас келіншек көпшіліктің көзінше қолындағы кішкентай қызын аюдың қоршауына тастай салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бағлан Бекназар Бағлан Бекназар
Қаңтар 28, 2022
аю
1.3k
қаралым
Бұл туралы ақпарат хайуанаттар бағының Telegram арнасында жарияланды.

Баспасөз қызметі хабарлағандай, ол кезде ұяда Кавказ қоңыр аюы – Зузу болған. Ол бірден өз апаны жанында келіншектің не істеп жатқанын қадағалай бастаған. Қыз жерге құлаған кезде жануар оған баяу жақындап келіп, иіскелеген соң кері бұрылып кетіп қалады. Хайуанаттар бағының жұмысшылары бұл аюдың әуелден агрессивті емес, керісінше көпшіл екенін айтады.

Хайуанаттар бағына келушілер мен қызметкерлер әйелді тоқтатуға тырысқаны анықталды, бірақ ол ешкімге бой берместен қызын темір қоршаудың арғы жағына лақтырып, өзінің оғаш әрекетін аяғына жеткізген.

Бала қоршаудан шығарылып, оны медбике тексерді.

Қыз жыртқыштың тістерінен емес, шамамен 5 метр биіктіктен құлағандықтан ғана зардап шеккен… алғашқы тексеру кезінде көгеруден басқа, одан ауыр жарақаттар табылған жоқ.Ташкент хайуанаттар бағының баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары бұл жағдайдың себептерін зерттеп жатыр, ал бала дәрігерлердің бақылауына алынды.

Ташкент хайуанаттар бағы қызға медициналық көмектің барлық шығындарын өз мойынына алатынын жеткізіп, оның тез сауығып кетуін тілейді.

Тегтер: аюқызТашкентхайуанаттар бағы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда дәрілік заттардың 90%-ына шекті бағалар былтырғы деңгейде сақталды - министрлік

Павлодарда белгісіз заттан бес адам уланып қайтыс болды

Әлемнің 33 елінде балаларға жедел жұғатын белгісіз гепатит анықталды

Мадридтік «Реал» 14-рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды

Қазақстандық жеңіл атлет АҚШ-тағы турнирде қола жүлдеге ие болды

Оралда қантқа таласқан адамдардың видеосы тарады

Алматы мен 10 облыста дауылды ескерту жарияланды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»