Көк туға құрмет
Көк туға құрмет
213
оқылды
Сеул (Оңтүстік Корея) мэриясы ғимаратының қасбеті екі елдің дипломатиялық қарым-қатынасының 30 жылдығына орай Қазақстан Туының түсіне боялды. «2022 жылғы 28 қаңтарда Қазақ­стан мен Корея Респуб­лика­сы арасындағы дипломатиялық қатынастар орнағанына 30 жыл толуына орай Сеул қаласы мэрия­сы ғимаратының қасбеті Қазақстан Туының түстеріне боялды. Осы атаулы күнді мерекелеу аясында Сеул қаласының орталық алаңында қазақстандық студент­тердің, диаспора өкілдерінің, сондай-ақ Қазақстан елшілігі қызметкерлерінің қатысуымен флешмоб өтті», – деді Қазақстан­ның Оңтүстік Кореядағы елшілік өкілі. Флэшмобты Корея Респуб­ликасы Сыртқы істер министр­лігінің, Сеул мэриясының өкілдері және Хангук шет тілдер универ­ситетінің оңтүстіккореялық сту­денттері қолдады. Сонымен қатар Пусан қала­сын­дағы Хеунжэ жағажайы бо­йында жергілікті билік 80 құт­тықтау баннерін орналастырды. Корея Республикасының Қазақстандағы елшісі Ку Хонг Сок құттықтау сөзінде Орталық Азия елдері арасында Қазақстан Корея­мен сауда және инвестиция көлемі бойынша жетекші ел екенін, ал Қазақстан үшін Корея көлемі бойынша төртінші сауда серіктесі саналатынын айтты. «Корея алдағы уақытта да Қазақ­станның қиындықтарға тап болып, тұрақтылық пен бейбіт­шілікке қол жеткізуі үшін күш-жігер жұмсап, жәрдемдеседі. Сон­дай-ақ екі ел арасындағы стра­тегиялық серіктестікті одан әрі кеңейтуге күш саламыз», – деп уәде берді ол.

Әбілмансұр ЖАСАН