Олимпиада кезінде ойындар өтпейді

Олимпиада кезінде ойындар өтпейді

Құрлықтық хоккей лигасы қысқы Олимпиада кезеңінде ойындар өткізбеу жөнінде шешім қабылдады. Бұл жөнінде Құрлықтық хоккей лигасы мәлім етті. ҚХЛ клубтар арасында Қытай астанасы Бейжің қаласындағы қысқы Олимпиада кезінде чем­пионатты жалғастыруға байла­нысты сауалнама жүргізген еді. Аталған турнирге қатысып жатқан 24 команданың 16-сы оған қар­сылығын білдірді. Осыған байланысты лига бас­шы­лығы Олимпиада кезеңінде чем­пионатты жалғастырмау тура­лы шешім қабылдады. ҚХЛ ойын­дары­ның қалған бөлігі қашан жал­ғасатыны жөнінде нақты ұй­ғарым 10 ақпанда жасалады. Еске салайық, Құрлықтық хок­кей лигасында қазақстандық «Барыс» командасы 47 ойыннан кейін 48 ұпаймен 17-орында тұр.

Әбілмансұр ЖАСАН