Қарағандыда екі халықаралық турнир болады
Қарағандыда екі халықаралық турнир болады
184
оқылды
Қарағанды қаласында теннистен 18 жасқа дейінгілер ара­сында ITF Juniors G4 се­рия­­сы бойынша екі халық­ара­лық турнир өтеді. Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, Ұлттық теннис орталығы корттарында 31 қаңтар мен 5 ақпан және 7-12 ақпан ара­лы­ғында бозбалалар мен қыздар арасында қос дода жекелей, сон­дай-ақ жұптық сында өтеді. Жекелей сында Қазақстан атынан Ислам Орынбасар, Ерасыл Ерділдә, Кирилл Колганов, Илья Ведмедь, Данир Қалдыбеков, Ілияс Маратұлы, Олег Гусаков, Алек­сандр Черномаз, Арысланбек Айт­құлов, Әмір Омарханов өнер көрсетеді. Сондай-ақ аталған спортшылардан бөлек, Виталий Зацепин, Жанель Рүстемова, апалы-сіңлілі Арыстанбековалар, Айя Нұпбай, Дариға Рүстемова, Іңкәр Дүйсебай және басқа да спорт­шылар жарыс жолына шы­ғады. Айта кетейік, Қарағанды қала­сында өтетін екі халықаралық тур­нир жас теннисшілердің шеберлігін шыңдап, жоғары нәтижеге қол жет­кізуіне мүмкіндік сыйлайды.

А.ЖАСАНҰЛЫ