Қазақстанда «Бірінші отбасылық автокөлік» бағдарламасы әзірленеді
Қазақстанда «Бірінші отбасылық автокөлік» бағдарламасы әзірленеді
Сурет: depositphotos.com
441
оқылды

ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасын қайта іске қосудың бірнеше нұсқасын қарастырды.

«Отандық автомобильдерді халыққа қолжетімді ету үшін министрлік жеңілдікпен несие беру бағдарламасына бюджеттен қосымша қаражат бөлу мәселесін пысықтауда. Бұдан басқа, президенттің тапсырмасы бойынша халыққа жеңілдікпен автонесие берудің жаңа бағдарламасы әзірленеді. Қазіргі уақытта бағдарламаны қайта іске қосудың бірнеше нұсқасы қарастырылып жатыр», - делінген аталған министрліктің ақпаратында.
Ведомство мәліметінше, оның бірінде көпбалалы отбасыларды, күш құрылымдары қызметкерлерін, дәрігерлер мен мұғалімдерді қолдау жөнінде кіші бағдарлама қосу ұсынылады. Сондай-ақ, «Бірінші отбасылық автомобиль» кіші бағдарламасын қосу мүмкіндігі қарастырылған. Еске сала кетсек, жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы 2015 жылы іске қосылған болатын. Ол 20 жылға есептелген және «револьверлік» әдіске негізделген. Қаржыландырудың жалпы шегі – 82 млрд теңге. Бағдарлама іске асырылған сәттен бастап револьверлік-қайтарымды қаражатты ескере отырып, 159 млрд теңгеге 30 525 қарыз берілді. Қазірдің өзінде 80 мыңға жуық адам отандық автокөліктерді сатып алған. Жеңілдікпен автонесие беру бағдарламасының шарттары: - 1 жеңіл автокөлік құны 15 млн теңгеден; - несие мерзімі – 7 жылдан; - соңғы қарыз алушы үшін номиналдық сыйақы мөлшерлемесі жылдық 4% аспауы тиіс; Бүгінгі таңда осы бағдарламамен сатып алу үшін елімізде құрастырылған: Hyundai, KIA, JAC, Chevrolet және LADA сияқты автомобильдер қолжетімді.