Бүгін Алматы қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев ҚР Мемлекеттік Орталық музейі қызметкерлеріне грамоталар мен алғыс хаттар табыс етті. Ол музей қызметкерлеріне өз ісіне адалдығы, батылдығы және өз өмірін қатерге тігіп, ұлттық мәдени және рухани жәдігерлерді қорғағаны үшін алғысын айтты.
Сондай-ақ, министр Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде музейді паналаған полицейлер мен курсанттардың өмірін сақтап қалғаны үшін ерекше ризашылығын білдірді.«Сізді бүкіл ел мақтан тұтады! Сіз керемет батылдық пен табандылықтың озық үлгісін көрсете білдіңіз», - деді Д. Абаев.
«Бұл әкімдік емес, бұл музей, біз халқымыздың мәдени мұрасын сақтап отырған киелі орын. Қолдарына лом, таяқ ұстап кіріп келген жас жігіттерге жалындым. Егер олар ұлттық жәдігерлерімізді қиратып, өртеп жіберетін болса, онда өз тарихымыздан айырыламыз. Осы нәрсе көкейімнен кетпеді. Қазір бәрі тынышталды. Маған атақ та, байлық та, марапат та керек емес. Ең бастысы, музейіміз аман болсын!» - деді ол.
- Бибігүл Дандығараева-музей директорының орынбасары;
- Саметова Анар Төлеушайқызы - музей директорының қаржы және коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары;
- Дәуітбаев Марат Бейсенғазыұлы - бас инженер;
- Төлегенова Жазира Куанбекқызы - бас бухгалтер;
- Амангелдиева Анар - көрмелер мен экспозицияларды ұйымдастыру бөлімінің басшысы;
- Сәкежанов Марат Білісбекұлы - пневмо-сорғы қондырғылары және санитарлық-техникалық қызмет бөлімінің басшысы;
- Әліпиев Ерболат Тұрсынұлы - ғимаратты пайдалану және қызмет көрсету бөлімінің басшысы;
- Көккөзов Дүйсенбек Жақанұлы - бақылау-өлшеу аспаптары, автоматика және электротехникалық қызмет бөлімінің басшысы;
- Балай Санжар Бақытұлы - ғимаратты күзетуді және өртке қарсы қорғауды қамтамасыз ету бөлімінің басшысы;
- Құлмағанбетова Раушан Жақыпқызы - ғимаратты пайдалану және қызмет көрсету бөлімінің орта санатты маман-менеджері.