Қазақстанда 1991 жылы тәуелсіздік алғалы 12 премьер-министр ауысып үлгерді. Солардың ішінде Кәрім Мәсімов екі мәрте әртүрлі уақытта мемлекеттік қызмет атқарды: 2007 жылдың 10 қаңтарынан бастап 2012 жылдың 24 қыркүйегіне дейін және 2014 жылдың 2 сәуірінен бастап 2016 жылдың 8 қыркүйегіне дейін. Ол қызметін 2084 күн немесе 5,7 жыл атқарды. Ал екінші рет қызметке келгенде 890 күн немесе 2,4 жыл жұмыс істеді. Мәсімов ұзақ уақыт мемлекеттік қызметте болғандар тізімінде бірінші орында тұр, - деп хабарлайды ranking.kz сайты.
Жұмыс істеу ұзақтығына қарай екінші, үшінші орындар да экс-премьер-министрлерге тиесілі болды. Олар Даниал Ахметов пен Әкежан Қажыгелдин: 3,6 жыл және 3 жыл. Қазіргі премьер-министрді есепке алмағанда, бәрінен аз бұл қызметте Иманғали Тасмағамбетов болды: 2002 жылдың 28 қаңтарынан бастап 501 күн немесе 1,4 жыл. Еске салсақ, 1991 жылы 16 қазанда бірінші премьер-министр болып Сергей Терещенко тағайындалды. Ол бұл қызметте 1092 күн немесе 3 жыл болды. Қазіргі сәтте елде 18 министр бар. Олардың ішінде ауыл шаруашылығы және ұлттық экономика министрлері жиі ауысты: әр ведомствода 19 адамнан. Сондай-ақ, қаржы, денсаулық сақтау және қорғаныс министрліктерінің басшылары жиі ауысатын болып шықты. Алғашқы екеуінде – 14 рет, соңғысында 13 министр болды. Ал бәрінен аз төтенше жағдай мен сауда және интеграция министрліктерінің басшысы ауысатыны белгілі болды. Ведомство жуырда ғана құрылғандықтан, олардың бірінші басшылары да ауысып үлгермеді: алғашқысы 2020 жылдың 9 қыркүйегінде және кейінгісі 2019 жылдың 17 маусымында құрылған еді.