EURO-2022: Ширек финалға шыққан құрамалар анықталды
EURO-2022: Ширек финалға шыққан құрамалар анықталды

Еуропа чемпионатының плей-офф сатысына жолдама алған құрамалар белгілі болды.

Алдымен 28 қаңтар күні А және В топтарында Қазақстан мен Финляндия, Португалия мен Украина жарыстың аталған сатысына жолдама алды. Кейін С мен D тобының үздіктері ширек финалға өтті. С тобында Ресей Польшаны 5:1, Словакия Хорватияны 5:3 есебімен жеңді. Нәтижесінде аталған топтан Ресей 9, Словакия 4 ұпаймен жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды. Ал D тобында Әзербайжан Босния және Герцоговинадан 4:2, Испания Грузиядан 7:0 есебімен басым түсті. Бұл топта Испания 7, Грузия 6 ұпаймен ширек финалға шықты.