Екі елдің спорттық формасын салыстырды
Екі елдің спорттық формасын салыстырды
192
оқылды

Әлеуметтік желіде Бейжің Олимпиадасына қатысатын Қазақстан мен Қырғыз Республикасы құрамаларының спорттық формасы талқыға түсіп жатыр. Онда желіде жарияланған фотоның астына «Салыстырып көріңіз» деген жазба қалдырылған.

Оқырмандардың көпшілігі Қазақстан құрамасының спорттық формасын жоғары бағалады. Олар киімнің сапалы әрі сәнді екенін ерекше атап өтуде. Айта кетейік, Қырғыз Республикасының Ұлттық Олимпиада комитетінде спортшылар мен делегаттарға спорттық киімді Қытайдың Tectop фирмасы тегін тігіп бергені жазылған. Аталмыш фирмамен көршілеріміз 2018 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Еске салайық, осыған дейін де Токио Олимпиадасына арналған спорттық киімдер айыр қалпақты ағайынның көңілдерінен шықпаған болатын. Ол кездегі спорттық киімнің бір комплекті 95 мың сомға (487,2 мың теңге) бағаланған еді.