Қарағандыда теміржол өткелінде жүк көлігі тепловозбен соқтығысып қалды

Қарағандыда теміржол өткелінде жүк көлігі тепловозбен соқтығысып қалды

Қарағандыда теміржол өткелінде тепловоз бен КамАЗ соқтығысты. Оқиға видеоға түсіп қалған. Оқиға Бытовая көшесінде сағат 17:22 шамасында болған. Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Ведомство аталған факт тіркелгенін атап өтті.

"32 жастағы КамАЗ жүргізушісі Бұхар-Жырау даңғылынан Асфальтная көшесіне қарай Бытовая көшесімен келе жатқан. Теміржол өткелінде ол тепловозбен соқтығысуға жол берді. ЖКО нәтижесінде көлік құралдары механикалық зақым алды. КамАЗ жүргізушісі медициналық көмекке жүгінген жоқ", - деп хабарлады ведомстводан.
Сондай-ақ, полиция аталған учаскеде көктайғақ болмағанын, бағдаршам дұрыс жұмыс істегенін, жол белгілері де бар екенін атап өтті.
"Аталған факт бойынша сараптама тағайындалды. Олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады", - деп толықтырды ведомство.