Ташкентте 3 жасар қызын аюдың алдына лақтырып жіберген сәт видеоға түсіп қалған

Ташкентте 3 жасар қызын аюдың алдына лақтырып жіберген сәт видеоға түсіп қалған

28 қаңтар күні Ташкент зообағында әйел кішкентай қызын аюдың вольеріне лақтырып жіберген. Бала бес метр биіктіктен дәл жыртқыштың алдына құлап түскен. Желіде осы сәттің видеосы пайда болды.

Ташкент зообағындағы жан түршігерлік кадрларды Uncha Muncha telegram-арнасы жариялады. Хайуанаттар бағы әкімшілігі баланың жыртқыштың тісінен емес, 5 метрге жуық биіктіктен құлағандықтан зардап шеккенін айтты.
«Алғашқы тексеру барысында оның денесінен көгерген ізден өзге ауыр жарақаттар байқалмады. Ташкент хайуанаттар бағы қызға медициналық көмек көрсетуге қатысты барлық шығынды өз мойнына алып, оның тезірек сауығып кетуін тілейді», - деп хабарлады зообақ әкімшілігі.