Көлікке қыстырылып қалған әйелді құтқарды

Көлікке қыстырылып қалған әйелді құтқарды

Жол апаты салдарынан жолаушы көлікке қыстырылып қалған.

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 30 қаңтарда Семейдегі Селевин-Бозтаев көшелерінің қиылысында екі көлік соқтығысқан.
«Жол апаты салдарынан көліктердің бірінің ішінде әйел адам қыстырылып  қалған. Құтқарушылар гидравликалық құралдың көмегімен 50 жастағы жолаушыны алып шығып, жедел жәрдем дәрігеріне тапсырды», – деді департамент өкілі.

Бұған дейін полицей жолаушыны қағып кеткені туралы жазған болатынбыз.