Шымкент қаласы әл-Фараби ауданында пәтерден үш адамның мәйіті табылды, – деп хабарлайды otyrar.kz.
Құтқарушыларға әл-Фараби ауданы Ерманов көшесіндегі көппәтерлі үйге шақырту кеше сағат 17:36-да түскен. Олар құрал-сайманмен пәтердің сыртқы есігін бұзып, ашты. Пәтерден 1978, 1957 және 1979 жылдары туған үш адамның мәйіті табылды. Газдың иісіне уланған болуы мүмкін."Оқиға орнына 2 техника мен 8 қызметкер келді. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды», – департамент өкілі.
Бұған дейін Шымкентте жалдамалы пәтерден үш қыздың денесі табылған еді.