Эпидемиологиялық ахуал: Шымкент «сары» аймаққа өтті
Эпидемиологиялық ахуал: Шымкент «сары» аймаққа өтті
Фото: dixinews.kz

Үкімет жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы бүгінгі жағдай бойынша өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. «Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Қызылорда облысы. «Жасыл» аймақта: Түркістан облысы.

Бүгін коронавирусқа шалдыққандар саны біршама азайды.