Танысынан 2,5 миллион теңге алған ер адам астанада ұсталды  
Танысынан 2,5 миллион теңге алған ер адам астанада ұсталды  
Фото: digitaleast.kz
116
оқылды

Танысынан 2,5 млн теңге алып, алдап кеткен күдікті астанада ұсталды, – деп жазады polisia.kz.

Түлкібас ауданы ПБ-ға Алматы қаласының тұрғыны алаяқтың құрбаны болғанына шағымданған. Жәбірленушінің айтуынша, сырттай танысы Түлкібас ауданынан 10 сотық жер алып беремін деп сеніміне кіріп, 2,5 млн теңгеге жуық ақша алған.

Полиция фактіні ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Түлкібастық полицейлер күдіктіні іздеу нәтижесінде, оның жергілікті тұрғын екенін анықтады.

Полицейлер істің ақ-қарасын ажырату үшін күдіктіні астанада жүрген жерінен ұстап, ПБ-ға жеткізді. Тергеу жүргізіліп жатыр.