Қазақстанда доллар арзандады
Қазақстанда доллар арзандады
Фото: newtimes.kz
172
оқылды

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллар арзандады.

Бүгін доллар бағамы 30 қаңтармен салыстырғанда 0,55 тиынға теңгеге төмендеп, 1 доллар 433,29 теңге болды. Ұлттық банктің 31 қаңтардағы ресми бағамы – 1 долларға 433,83 теңге. Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 435,28 теңгеден сатылса, сатып алу – 436,64 теңге. Астанада сату бағамы – 434,80 теңге, ал сатып алу құны – 436,03 теңге.

Бұған дейін азық-түлік экспортына шектеу қойылғанын хабарлаған болатынбыз.