Гаити ойыншысы Алекс Джуниор қазақ тілін үйренуді бастады. Бұл жайында "Тараз" футбол клубының баспасөз қызметі хабарлады.
Олардың мәліметінше, Гаити ойыншысына қазақ тілін Дінмұхаммед Қараман үйретіп жатыр. Ол өзі Бразилияда португал тілін оқыған екен. Алекс Джуниор, алдымен, ең қажетті сөздерді үйреніп бастапты. Мәселен, "дүкен қайда", "маған су бер" деген секілді сөздерді легионер тез жаттап алды. Алекс Джуниор сөзді тез әрі оңай жаттай алатынын айтты.