Түркістан облысындағы өрт: мыңнан астам қой қырылды – видео

Түркістан облысындағы өрт: мыңнан астам қой қырылды – видео

2022 жылғы 31 қаңтарда сағат 7.15-те 101 пультіне Бәйдібек ауданы Алғабас ауылынан 5 шақырым жерде шаруа қожалығының аумағында екі қабатты ғимарат өртенгені туралы хабарлама түсті.  Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Ғимараттың 1-қабатында ірі қара мал, ал 2-қабатына шөп жинап қойған. Шаруа қожалығы мен жақын жердегі өрт сөндіру бөлімі арасындағы қашықтық – 40 шақырым. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 40 минутта жеткен.
Өрт салдарынан 1 150 бас қой қырылып, 150 тонна шөп жанып кетті. Оқиға орнынан қойшының денесі табылды.
https://youtu.be/Mbf6E4_OT7w Өрт сағат 9.37-де оқшауланып, сағат 10.23-те сөндірілді. Шығын көлемі анықталып жатыр.

Өртті сөндіруге Түркістан облысы ТЖ департаментінің 15 өрт сөндірушісі мен 4 бірлік техникасы жұмылдырылды.