Ақтөбе облысында жол апатынан 5 адам көз жұмды
Ақтөбе облысында жол апатынан 5 адам көз жұмды
© inbusiness.kz
193
оқылды
Самара-Шымкент тасжолында жүк және жеңіл көлік соқтығысып, 5 адам көз жұмды, - деп хабарлайды  Ақтөбе облыстық полиция департаменті. Оқиға 30 қаңтар күні сағат 19:20-да болды.
«Мерседес-ACTROS» маркалы жүк көлігінің жүргізушісі Хромтаудан Ақтөбе қаласына қарай бағыт алып, Өлке ауылы маңында метеорологиялық жағдайды ескермей, тайып, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Салдарынан 34 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Toyota Camry-55» маркалы автокөлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан «Toyota Camry-55» автокөлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды»,- деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша іс қозғалып, тіркелді. Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын жол қозғалысы ережесін мүлтіксіз сақтауға шақырады. https://www.youtube.com/watch?v=FWk5qr2Q8Ic