2021 жылы Қазақстанда балалар қандай мобильді қосымшаларды жиі қолданды? Kaspersky сарапшылары балалар көп уақытын жұмсайтын бірнеше қолданбаны атады.
Балалар арасында ең танымал әлеуметтік желілер ішінде бірінші орында YouTube тұр. Одан кейінгі орындарды WhatsApp пен TikTok алды. Жалпы 2021 жылы бүкіл әлем бойынша балалар YouTube-тен ойындарға қатысты контентті жиі іздеген. Атап айтқанда, мобильді ойындарға қатысты видео түсіретін блогерлердің арнасы көп ізделді. Ең танымал ойын Minecraft болды. YouTube-тегі танымал топ-3 арна қатарында MrBeast, EdisonPts және Paluten бар. Ал ең танымал ойындардың ондығына алғаш рет Genshin Impact және Poppy Playtime ойындары кірді.