БҚО-да жол апатынан екі адам қаза болды
БҚО-да жол апатынан екі адам қаза болды
Фото: inform.kz
162
оқылды
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға 31 қаңтар күні шамамен сағат 13.10-да Ақжайық ауданы аумағында болды. Чапаев-Казталов автожолының 15-шақырымында «ВАЗ-2107» мен «Тойота Камри» автокөлігі бетпе-бет соқтығысты. Соның салдарынан «ВАЗ-2107» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Түрлі жарақат алған алты адам трассалық-медициналық құтқару бекетінің күшімен Ақжайық аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Олардың ішінде 2021 жылғы сәби бар. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растап, «ВАЗ-2107» автокөлігінің 1995 жылғы жүргізушісі рульге ие бола алмай, «Тойота Камримен» соқтығысқанын жеткізді. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі нақтылағандай, көптеген жарақат алған 1960 жылғы ер адам аудандық аурухананың хирургия бөлімінде жатыр. 1982 жылғы әйел де сонда, оның жақ сүйектері, қолы сынған. Бас пен мидың жарақатына қоса кеудесінен қатты соққы алған. 1999 жылғы жігіт бас пен мидың жабық жарақатын алып, омыртқасы сынған. Тізе буынынан қатты соққы алған 1987 жылғы ер адам мен шат сүйегі сынған 1998 жылғы қыз амбулаториялық ем алуға жіберілді. Жол апатынан 1987 жылғы ер адам қаза болды.