Әлеуметтік желіде Ерболат Досаевтың атынан фейк аккаунттар ашылуда
Әлеуметтік желіде Ерболат Досаевтың атынан фейк аккаунттар ашылуда
Әлеуметтік желілерде Алматының жаңа әкімі Ерболат Досаевтың атынан жалған аккаунттар ашылуда, деп хабарлайды Алматы әкімінің баспасөз қызметі.
«Алматы қаласы әкімінің атын қолданып, әлеуметтік желілерде аккаунттардың жаппай пайда болуына байланысты, бұл профайлдардың жалған екенін және қала әкімі Ерболат Досаевқа еш қатысы жоқ екенін хабарлаймыз. Осыған орай тек ресми ақпарат көздеріне сенім білдіруді сұраймыз», – делінген баспасөз хабарламада.
Бүгін Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі қызметіне тағайындалған болатын.