Жас шахматшыны жарқын жеңісімен құттықтады
Жас шахматшыны жарқын жеңісімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаеваны қабыл­да­ды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Президент Варшавада өткен әлем чемпионатын­да шахматтың «блиц» түрінен алтын және «рапид» бойынша күміс медаль иеленген жас шахматшыны жарқын жеңісімен құттықтады. Бибісара Асаубаева Қасым-Жомарт Тоқаевқа қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, спорттағы мансабына қатысты алдағы жоспарымен бөлісті. Мемлекет басшысы Бибісара Асаубаеваның әлемдік шахмат аренасында Қазақстанның намысын келешекте де лайықты қорғай беретініне сенімді екенін атап өтіп, жеңістен-жеңіске жете беруіне тілектестік білдірді.