Данилина үздіктер қатарында
Данилина үздіктер қатарында
128
оқылды
Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) Australian Open-нен кейінгі рейтингі жарияланды. Анна Данилина жұптық рейтингіде бірден 28 сатыға жоғарылап, ТОР-25 теннисшінің қатарына енді. Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Аустралия ашық чемпионатының финалына дейін жеткен Анна Данилина жұптық сында рейтингіде 25-орынға көтерілді. Жекелей сында Елена Рыбакина 12, Юлия Путинцева 42-орнын сақтап қалды. Ал Зарина Дияс 118-сатыға сырғыды. Ерлер арасында Александр Бублик 37-ден 35-ке жоғарылады. Михаил Кукушкин 166-орынға жайғасты. Дмитрий Попко 180-орнында қалса, Тимофей Скатов 236-сатыға көтерілді. Денис Евсеев 351, Бейбіт Жукаев 696-орында келеді. Жұптық сында Андрей Голубев 30, Александр Недовесов 67-орында тұр.

Әбілмансұр ЖАСАН