Әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды
Әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды
132
оқылды
Қазақстандық спортшылар жеңіл атлетикадан жабық кешендегі әлем чемпионатына іріктеу жарыстарына қатысып жатыр. Аталған бәсеке биыл Сербия астанасы Белградта өтеді. Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының хабарлауынша, қазір екі спортшы, атап айтқанда Надежда Дубовицкая мен Давид Ефремов әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды. Әлем чемпионатына қатысу үшін спортшылар тиісті норматив орындауы керек. Қазақстандық спортшылар дүниежүзілік бірін­шіліктің жолдамаларын Олим­пиада ойындарының жеңімпазы Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған халықаралық жарыста, Қазақстан кубогы мен XXXI ел чемпионатында сарапқа салады. Айта кетерлігі, іріктеу кезеңі 2022 жылдың 7 наурызына дейін жалғасады. Ал биылғы әлем чемпионаты 18-20 наурыз күн­деріне жоспарланған.

Әбілмансұр ЖАСАН