Суицид жасаған жас жігіттің мәйіті табылды
Суицид жасаған жас жігіттің мәйіті табылды
Фото: yandex.kz
122
оқылды

Алматы қаласында жас жігіт өзіне-өзі қол жұмсаған.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, мәйіт кеше кешкі сағат 18-де Әуезов ауданындағы үйден табылған.
Әуезов аудандық ІІБ бастығы, полиция подполковнигі Ұлан Әбілқайыр: «2004 жылы туған С.-ның мәйіті табылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша іс қозғалды. Өзін-өзі өлімге итермелеу дерегімен басталған тергеу қорытындысы шыққан соң, оқиғаның мән-жайы анықталады», – деді.

Бұған дейін 22-қабаттан құлаған оқушының аман қалғанын жазған болатынбыз.