Қазақстанда 2020-2021 жылдары баламасы жоқ 27 жаңа өндіріс орны құрылады. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры отандық өнеркәсіпті қолдаудың жаңа форматы – оффтейк-шарттар шеңберінде өнеркәсіп жобаларына қолдау көрсетіп отыр. Қазақстанда 2020-2021 жылдары баламасы жоқ 27 жаңа өндіріс орны құрылады. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры отандық өнеркәсіпті қолдаудың жаңа форматы – оффтейк-шарттар шеңберінде өнеркәсіп жобаларына қолдау көрсетіп отыр. Айта кетейік, елімізге 2018 жылы енгізілген оффтейк-шарттар жаңа өндіріс шеңберінде өнімдерге ұзақмерзімді тапсырыс жасауға мүмкіндік береді.
– Жасалған оффтейк-шарттардың жалпы сомасы 2018 жылдан бері 9,2 млрд теңгеге жеткен. 2018-2019 жылдар ішіндегі инвестициялардың жалпы көлемі 215 млрд теңге болды. Жаңа өндіріс орындары 2020-2021 жылдары 1,5 мыңнан аса жаңа жұмыс орнын ашуға септігін тигізеді, – дейді «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС Талдау және маркетинг департаментінің директоры Ербол Беков.Атап айтқанда, қазақстандық кәсіпкерлер вагон баяулатқыштар, көп функциялы техникалық құралдар кешендерін, сонымен қатар мұнайды және басқа сұйықтықтарды айдауға арналған сорғы жабдықтарын өндірмек. «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС бас директорының орынбасары Теміржан Әбдірахмановтың айтуынша, техникалық ерекшеліктерді айқындау кезінде міндетті түрде ұлттық стандарттар пайдаланылады екен. Сатып алу шарттары бойынша төлем жасау мерзімі 30-дан 20 жұмыс күніне дейін қысқарды. Импорт алмасуды және жергілікті қамтуды дамыту бойынша жобалау кеңсесі құрылды, оның құрамына «Самұрық-Қазынамен» еншілес компаниялардың, «Атамекен» ҰКП-ның, салалық қоғамдық бірлестіктердің, даму институттарының сарапшылары кіреді. Айдар ДӘУІТҰЛЫ