Шымкентте қоқыс жәшігінен әйелдің мәйіті табылды. Оны жолаушы кездейсоқ байқап қалған, – деп хабарлайды otyrar.kz.
Полицияға хабар бүгін таңертең түскен. Қаладағы Жангелдин көшесіндегі қоқыс жәшігінен көрпеге орап, сөмкеге салынған әйелдің мәйіті табылды. Полицейлер марқұм әйелдің шамамен 35 жаста екенін анықтады. Тергеу жүргізіліп жатыр.