Желіде Бейжің Олимпиадасына Қытай Халық Республикасының атынан қатысатын үш этникалық қазақтың есімі жарияланды.
Олар: шаңғышы Баян Жәлен (Bayani JIALIN), конькиші Ардақ Ақнар (Adake AHENAER) және шаңғышы Қадес Беделхан (Hadesi BADELIHAN). Үшеуі де Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданында 1999 жылы туған. [caption id="attachment_181950" align="aligncenter" > Скриншот: Оlympics.com[/caption] [caption id="attachment_181948" align="aligncenter" > Скриншот: Оlympics.com[/caption] [caption id="attachment_181949" align="aligncenter" > Скриншот: Оlympics.com[/caption] 4 ақпанда Бейжіңде қысқы Олимпиада ойындары басталады. Олимпиадаға Қазақстанның 34 спортшысы 8 спорт түрінен 87 жолдама жеңіп алды. Биыл фристайл-могулдан Юлия Галышева, фристайл-акробатикадан Жанбота Алдабергенова, шорт-тректен Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Ольга Тихонова және Яна Хан, могулдан Павел Колмаков пен Дмитрий Рейхерд, конькимен жүгіруден Екатерина Айдова қатысады. Айта кетейік, Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, Қазақстан тарихында алғаш рет экипировкадағы ел атауы қазақ тілінде Qazaqstan болып жазылады. Бұған дейін Қазақстан мемлекеттік резервтен Қысқы Олимпиадада жүлде алған спортшыларға қанша сыйақы беретінін жазған едік.