«Қазавтожол» ұлттық компаниясының төрағасы Асқар Мұратұлы қызметінен кетті.
«Бүгін – менің соңғы жұмыс күнім. Ең бастысы – осы уақыт аралығында жүзеге асқан барлық жобалар менің әріптестерімнің жемісті еңбегі деп білемін. Мемлекет басшысы мен Үкіметтің бізге жүктеген тапсырмаларына сай республикалық маңызы бар 3 600 шақырым жолда орта және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оның 2 мың 200 шақырымына қозғалыс берілді, 324 шақырымы іске қосылды», – дейді ол өзінің Facebook желісіндегі парақшасында.