Елордада бір күнде бірнеше рет ұрлық жасаған күдіктілер ұсталды
Елордада бір күнде бірнеше рет ұрлық жасаған күдіктілер ұсталды
360
оқылды
Елордалық полицейлер бірқатар қалта ұрлығын жасаған күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында елордалық криминалдық полиция қызметкерлері бірқатар қалта ұрлығын жасаған үш күдіктіні “ізін суытпай” ұстады. Жастардан құралған бұл үштіктің ең үлкені 23 жастағы бойжеткен болса, ең кішісі 20 жаста екені анықталды. Ұсталғандардың барлығы Қарағанды қаласының тұрғындары, бұрын бірнеше рет сотталған. Олар елордаға оңай пайда табу үшін келген. Қала аумағында бір күннің ішінде жасалған қалта ұрлығының төрт дерегі дәлелденді. Ұрылар бірнеше азаматтың әмияндары мен ұялы телефондарын ұрлап үлгерген. Ұрылар жолаушысы көп маршруттық автобустарды немесе адамдар көп жиналатын аялдамаларды таңдаған. Көпшіліктің арасына кіріп, олардың сыртқы киімдерінің қалтасы мен сөмкелерінен ұрлық жасайтын болған. Ұсталғандар кінәсін мойындады. ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тергеу жүргізіліп, олардың елорда аумағында жасалған басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. https://www.youtube.com/watch?v=O_DAnyvVVt8