Утилизациялық алым қымбаттайды: министрлік түсініктеме берді
Утилизациялық алым қымбаттайды: министрлік түсініктеме берді
345
оқылды
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі БАҚ-та утилизациялық алым мөлшерінің артатыны туралы жарияланған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.
«Осы ақпаратқа қатысты келесіні хабарлаймыз. 31 қаңтарда кәдеге жарату алымын қайта қарау жөніндегі жұмыс тобының 5-ші отырысы өтті. Бұл отырыста қаптаманы, электронды әрі электр жабдықтарын және автомобиль компоненттерін қайта өңдеу ставкаларына қатысты мәселелер қаралды» делінген түсіндірмеде.
Ведомство өкілдерінің айтуынша, аталған отырыста қайта өңдеушілер ӨКМ операторынан қалдық тасымалдаушыларға қарағанда аз қаражат алатындарына наразылық білдірген. Министр Серікқали Брекешев солардың уәжіне жауап ретінде қайта өңдеушілерді ынталандыру мөлшерін өзгерту туралы мәселені қарауға дайын екенін білдірген.
«Талқылау барысында министр С.Брекешев қайта өңдеушілердің қайта өңдеуді ынталандыру мөлшерін өзгерту жөніндегі ұсынысын қарауға әзірлігін білдірді. Бүгінде қаптаманы кәдеге жарату төлемі ставкаларының коэффициенттері төмен және қалдықтарды жинауға, тасымалдауға және қайта өңдеуге арналған шығындарды өтемейді», – деп жазады министрліктің баспасөз қызметі.