"Қазгидромет" синоптиктері 2 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Ақмола облысының солтүстігін тұман басады, солтүстік-батысында жел екпіні секундына 15-20 метр күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігін, оңтүстік-шығысын тұман басады. Солтүстік-шығыс пен шығыста түнде көктайғақ болады.
Маңғыстау облысының батысында көктайғақ, солтүстік-шығыс, оңтүстігінде тұман болады. Қостанай облысының оңтүстігінде тұман, солтүстікте, батыста жел екпіні секундына 15-20 метр күшейеді. Таңертең және күндіз аздаған қарлы боран соғады.
Алматы облысының солтүстігін, оңтүстігін, шығысын тұман басады. Ал Жалаңашкөл ауданында жел екпіні секундына 17-22 метр күшейеді.
Оңтүстікте, Түркістан облысының таулы аймақтарында, батыста, солтүстікте, Атырау облысының орталығында, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, солтүстікте, Павлодар облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысында, Қызылорда облысының орталығында, түнде Қарағанды облысының солтүстігінде тұман түседі.